Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Сүйек сорпасының пайдасы және оны қалай дайындау керек?

Танымал

Ел аузында

Сүйек сорпасы тұздықтар мен сорпалар үшін дәмді негіз ғана емес, сондай-ақ пайдалы қасиеттерге ие бағалы өнім. Ендеше, сүйек сорпасының пайдалы қасиеттерін және оны қалай дайындау керегін ұсынамыз.

Сүйек сорпасының пайдасы:

Сүйек сорпасында коллаген құрамына кіретін аминқышқылдар көп. Ол буындар саулығына, шаш, тырнақ және тері сұлулығы мен жастығына қажетті коллагенге бай;
Сүйек сорпасы асқазан-ішек жолының шырышты қабығын қалпына келтіреді және рациондағы ақуыз жетіспеуінің орнын толтырады;
Сүйек сорпасы ЖРВИ және тамақтану улану кезінде ағзаны қалыпқа келтіреді. Бұл сұйықтықтың құрамындағы глицин мен пролин ағзадағы қабынуды басуға көмектеседі. Сондай-ақ бұл элементтер иммунитетті қатайтады;
Сүйек сорпасы сүйектер мен тіске қажет кальций, магний және фосфор секілді минералдарға бай.
Сүйек сорпасын қалай дайындау керек?

Сорпа дәмді және пайдалы болуы үшін мына ұсыныстарды сақтаңыз:
Жақсы сорпа шығу үшін сапалы өнім таңдау керек.
Сорпаны дайындарда 1/5 қатынасын сақтаңыз. Мысалы, 100 г өнімге 500 мл сұйықтық пайдаланыңыз. Осы тепе-теңдіктен дәмді сорпа шығады.
Сүйектерге міндетті түрде суық су құйыңыз.
Сорпа қайнаған кезде оның көбігін алып, бірден отты бұқтырып қойыңыз. Сорпа тарсылдап қайнамауы керек. Ол баяу отта ұзақ тұруы керек. Сорпа 12 сағатқа дейін қайнауы мүмкін.
Сорпа суыған кезде оны тоңазытқышта 3 күнге дейін ұстауға болады. Оны сондай-ақ мұздатқышқа қатырып қойып, 3-4 айға дейін сақтауға болады. Сорпаны көбірек дайындап, қатырып қойған ыңғайлы. Содан соң оны кез келген уақытта басқа тағамдарға, тұздықтарға қосуға немесе өзін жылытып ішуге болады. Сондай-ақ оны балаларға да беруге болады. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...