Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Artsport» бағдарламасынан қомақты ақша жымқырған футбол клубының директоры сотталды

Танымал

Ел аузында

«Artsport» бағдарламасынан қомақты ақша жымқырған футбол клубының директоры сотталды, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

«Artsport» бағдарламасын жүзеге асыру кезінде қаражатты ұрлау, бюджет тапшылығы және сапасыз қызметтер көрсету сияқты жаппай заңбұзушылыққа әкеп соққан жүйелі кемшіліктер тіркелді. Алматы облысының прокуратурасы жеткізушілердің бірінің тарапынан бюджет қаражатын жымқыру дерегін анықтады. Футбол клубының директорына орындалған жұмыс актілеріне жалған мәлімет енгізуге мүмкіндік берген», – делінген Алматы прокуротурасы хабарламаcында.

Биыл 30 мамырда аудан прокуратурасы бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша клуб директорына қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

«Сот үкімімен жеткізуші қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды, оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», – делінген Алматы қаласының прокуратурасы мәліметінде.

Жасұлан Ордабаев

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғасырлар қойнауынан оралған Хикметтер

Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Ясауитану ғылыми орталығы «Хикметтердің» көне қолжазба нұсқасына қол жеткізді. Жергілікті тұрғындардың көмегімен табылған...