Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
11.2 C
Almaty
15.8 C
Shymkent

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады

Танымал

Ел аузында

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев інісі Болат Назарбаевтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтқан қазақстандықтарға алғыс айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Інімнің мезгілсіз қайтыс болуына орай айтылған жылы сөздер мен шынайы тілектеріңізге ризашылығымды білдіремін. Осындай ауыр сәтте сіздердің көрсеткен қолдауларыңыз маған күш-қуат берді.

Жақын адамнан айырылу орны толмас қасірет. Ол ұзақ жылдар бойы ауырды, бірақ бізге ешқашан қиналғанын білдіртпеді. Соңғы күндері бірқатар елдің басшыларынан көңіл айту жеделхаттарын алып жатырмын. Сондай-ақ, маған еліміздің саяси және қоғам қайраткерлерінен, депуттатар мен дипломаттардан, діни қызметкерлер мен бизнес қоғамдастық өкілдерінен, сондай-ақ көптеген қазақстандықтардан хаттар келіп түсті. Қайғымды бөлісіп, қолдау білдірген барлық жанға алғысымды айтамын. Шынайы ниеттеріңізге көп рахмет», – делінген жазбада.

Еске салайық, бұған дейін бірнеше БАҚ Болат Назарбаев қайтыс болғанын хабарлаған еді. Артынша ақпарат расталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...