Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.1 C
Nur-Sultan
11.2 C
Almaty
15.8 C
Shymkent

«Анасына ермей үйде қалған». Павлодарда қыр далада жеті жасар қыз жоғалды

Танымал

Ел аузында

Павлодар облысында жеті жасар қыз жоғалды, – деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Құтқарушылар, еріктілер, полицейлер баланы қырдан іздеп жатыр.

«Vita» іздеу ұйымының мәліметінше, 17 қарашада сағат 21:14-те төтенше жағдайлар бөліміне Қоянды ауылдық округінің Бесқауға ауылында қыр далада бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түскен.

Жеті жасар Милана Давыдова Бесқауға ауылдық мектебінің үшінші сыныбында оқиды. Еріктілердің айтуынша, сол күні сағат 16:00-де қыздың анасы басқа балаларымен бірге оны әкесінің жұмысына ертіп алмақ болған. Алайда Милана бас тартып, үйде қалып қойған.

Болжам бойынша жоғалған қызды сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін Бесқауғадан 1,5 шақырым жерде орналасқан №2 бөлімшенің қасында байқағандар болған. Ол жерде жеті үй бар.

«Кеше шұғыл түрде іздестіру шаралары ұйымдастырылды: қыз баланы іздеуге ТЖД, құқық қорғау органдары, жергілікті тұрғындар және жасақтың еріктілері шықты», – делінген хабарламада.

Еріктілер қандай да бір ақпарат болған жағдайда мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 8 (747) 615 55 63 Катерина, 8 (705) 722 45 83 Мика.

Милана сары күртеше киіп шыққан, шашы ақшыл сары түсті.

Pavlodarnews.kz

Еске салайық, бұған Атырауда із-түзсіз жоғалған қыз табылғаны хабарланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...