Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

13 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

«Қазақстанда жоқ екен». Заңғар Нұртастың әйелі мәhірге не сұрағанын айтты

Танымал

Ел аузында

Жуырда ғана шаңырақ көтерген әнші Заңғар Нұртас пен оның әйел Индира Мәуленова сұхбат берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

НТК телеарнасындағы «Ревю» бағдарламасының журналисі әншінің жұбайынан «Мәhірге не сұрадыңыз?» деп сұрақ қойды.

«Алтын», – деп жауап берді әншінің әйелі.

Ал Заңғар Нұртастың өзі әйелінің сұраған бұйымын әлі алып бермегенін айтты.

«Жоқ, ол арзан алтын емес емес негізінде. Ол алтынды Дубайға барып алу керек екен. Қазақстанда жоқ екен», – деді Заңғар Нұртас.

Әнші сонымен бірге бал айын кейінге қалдырғанын айтты.

«Той жалпы жақсы өтті. 300 адам шақырдық. «Шамамен 350 адам болды» деп ойлаймын. (…) Бал айын кейінге қалдырып жатырмыз, қазір жұмыстар бар, сол жұмыс сапарымен Қытайға аттанайын деп жатырмыз. Бұл әңгімені әлі ешкім естіген жоқ. Бір аптаның ішінде Индира екеуіміз Қытайға жұмыс сапарымен аттанамыз», – деді Заңғар.

Ал Заңғардың әйелі келіндік өмірге біртіндеп үйреніп жатыр екен.

«Керемет, бәрі жақсы. Үйреніп жатырмын. 14-15 жасымнан асүйдің жұмысына араласа бастадым. Үйдің үлкені болғандықтан, ерте араластым», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда дәстүрлі «КӨКТЕМ КӨРКІ-ҚЫЗҒАЛДАҚ» фестивалі өтті

Алматы қаласы «Оқушылар сарайы» ұйымдастырған Экология және биология бөлімінде жыл сайынғы «Көктем көркі – қызғалдақ» қалалық фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты...