Полицейлер 6 миллионнан астам төленбеген айыппұлы бар жүргізушіні анықтады

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы полиция департаменті Жедел басқару орталығының кезекші қызметкеріне «Қорғау-қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы  хабарлама келіп түсті. Онда «Алматы-Ташкент-Термез» тас жолында 6 миллион 200 мың теңгеге жуық өтелмеген қарызы бар «Lada Largus» маркалы автокөлігі кетіп бара жатқаны бойынша белгі берілген.

Кезекші тәртіп сақшысы аталған автокөлікті тоқтатып, заңды шарасын көру үшін сол маңда қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне дереу хабар береді.

Осы ақпарат бойынша бірден іске кіріскен Түркістан облысының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері айыппұлын уақтылы төлемей жүрген көлік жүргізушісінің жүрген жерін анықтап, тоқтатты. Көлік айыптұраққа қойылып, жүргізушімен түсіндірме шаралары атқарылды.  

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

«Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы Ясауитану ғылыми орталығы ғалымдарының Ресей Федерациясындағы ғылыми іссапары Қожа Ахмет Ясауи мұрасын зерттеу бағытындағы...