Токсиндер – дұрыс тамақтанбау, лас ауа, стресс және басқа факторлардың әсерінен ағзада жиналуы мүмкін улы заттар. Терапевт Андрей Кондрахин олардың неліктен пайда болатынын және ағзаға қалай әсер ететінін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Вечерняя Москваға» сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ағза толығымен өңдеп, қорыта алмайтын өнімдер бар. Олар тотықпаған күйінде қалып, қосымша күшті қажет етеді. Бұл ағзаға жүктеме түсіріп, ферментативті жеткіліксіздікті немесе ағзаның жұмысын тоқтатады. Яғни, токсин – органикалық қосылыстардың қалдығы.
«Мысалы, егер жануар ақуызы ағзада қалып қойса, ол ішек қабырғаларында шіри бастайды», – деп түсіндірді маман.
Сонымен қатар, дәрігер токсиндердің жиналуы қандай аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін бөлісті. Бұл ауруларға онкология, бауыр патологиясы, асқазан-ішек жолдары және жүрек-тамыр жүйесі кіреді. Ал токсиндердің пайда болуына антибиотик қабылдау да әсер ететінін жеткізді.
Токсиндер қандай ауруларды тудыруы мүмкін?
Ағзада жиналған токсиндер әртүрлі аурудың дамуына ықпал етуі мүмкін. Олар:
Ас қорыту жүйесінің аурулары. Зат алмасудың бұзылуы мен токсиндердің жиналуы іш қату, диарея, гастрит және асқазан жарасы сияқты әртүрлі ас қорыту ауруларын тудыруы мүмкін;
Аллергия және астма. Токсиндердің жиналуы иммундық жүйені әлсіретіп, аллергендерге сезімталдықты арттырады, бұл аллергия мен астмаға әкелуі мүмкін;
Зат алмасу жұмысының бұзылуы. Токсиндер ағзадағы зат алмасуға кері әсер етіп, шаршау, әлсіздік, энергия деңгейінің төмендеуін, семіздік пен қант диабетінің даму қаупін арттыруы мүмкін;
Тері аурулары. Ағзада жиналған токсиндер экзема, дерматит, безеу және псориаз сияқты әртүрлі тері ауруларын тудыруы мүмкін;
Жүрек-қан тамырлары аурулары. Токсиндердің жиналуы қандағы холестерин деңгейі мен қан қысымын жоғарылатып, жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін арттыруы мүмкін;
Тірек-қимыл аппаратының аурулары. Токсиндердің жиналуы тас пен шөгіндінің пайда болуына әкелуі мүмкін, бұл буын мен бұлшықеттердің ауырсынуын тудырып, артрит пен остеопороздың даму қаупін арттырады.
Токсиндерді ағзадан қалай шығаруға болады?
Суды көп ішіңіз. Суды жеткілікті мөлшерде ішу денені токсиндерден тазартуға көмектеседі;
Дұрыс тамақтаныңыз. Көкөніс, жеміс, дәнді дақылдар, ақуызға бай тағамдар, майсыз ет пен балықты көбірек тұтыну;
Құрамында қант, транс майлар, жасанды бояғыш пен консерванттар бар тағамдардан аулақ болыңыз;
Токсиндермен күресуге көмектесетін С, Е дәрумені және бета-каротин сияқты антиоксиданттарды көбірек тұтыныңыз;
Сазға орау, массаж, сауна және дренажды массаж сияқты детоксикация процедураларын қабылдаңыз;
Жаттығу жасаңыз. Физикалық белсенділік зат алмасу жұмысын белсендіріп, токсиндерді жою процесін жеделдетуге көмектеседі;
Психоэмоционалды жағдайды бақылау. Стресс ағзаны тоқырауға әкеліп, токсиндердің санын көбейтеді.
Айта кетейік, бұған дейін ағзада токсин бар екенін қайдан білуге болатыны хабарланған болатын