Қазақстанда жыл сайын қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады?

Танымал

Ел аузында

Бас прокуратура Қазақстанда күн сайын полицияға тұрмыстағы оқиғаларға қатысты 300 шағым түсетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Тұрмыстағы зорлық-зомбылық қоғамда ауыр мәселеге айналып барады. Жыл сайын елімізде осы азғындықтың кесірінен кем дегенде 80-ге жуық әйел көз жұмады, 150-ге жуығы ауыр, 200-дейі орташа, 4000-нан аса жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 хабарлама түседі», – деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Ол әйелдер мен балаларды ұрып-соғу, мүгедек ету немесе өлтіру сияқты әрбір жағдай алаңдататынын айтты. 

«2023 жылдың 10 айында 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды», – деді Әбішев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...