Алматыда алғаш рет «түрік поп-музыкасының ханзадасы» атанған әлемге әйгілі өнерпаз Тарканның жеке концерті өтті. Аталған концерт Тарканның Баку-Ташкент-Алматы қалаларына жасаған гастрольдік турының аясында өтті. Алматыдағы концертке шамамен 7000-нан астам адам жиналды. «Dudu», «Kuzu Kuzu» және «Shikidim» сияқты мега хиттерімен танымал Тarkan осы жолы да тыңдармандарына керемет көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара екі елдің қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған.
- Бұл концерт тек музыкалық мереке ғана емес, сонымен бірге екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, мәдени байланыстарды кеңейтуге бағытталған шара болды”, – деді «Soldout Concerts» компаниясының директоры, продюсер Бекболат Ізім.
Концертке жиналған тыңдармандар әнші Тарканның мега-хит әндерін өнерпазбен бірге