Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

24 C
Nur-Sultan
23 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

ІІМ зорлық-зомбылыққа қарсы акция жариялады

Танымал

Ел аузында

ІІМ «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясын жариялады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрін жою туралы БҰҰ Конвенциясының ережесіне сәйкес жыл сайын 25 қарашада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі.

Ішкі істер министрлігі 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емесжәне халықаралық ұйымдардың өкілдерін, сондай-ақ жұртшылықты тарта отырып, республика аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясын өткізеді.

Акцияның мақсаты– әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды насихаттау.

Акцияны өткізу барысында имидждік іс-шаралардан бөлек отбасында құқықбұзушылық жасауға бейім адамдарды, сондай-ақ жайсыз отбасыларды тұрғылықты жері бойынша тексеру жоспарланған. Құрылған мобильді топтар тұрмысы жайсыз отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсетуге ерекше назар аударады. Агрессорлармен әкімшілік қамауды өтеу кезеңінде профилактикалық жұмыс жасау үшін қоғамның белсенді өкілдері жұмылдырылып, арнайы қабылдағыштарға бару жоспарланған. Құрметті азаматтар! Егер сіз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болсаңыз немесе осындай жағдай туралы білсеңіз, оны жасырудың қажеті жоқ. Полицияның 102 жедел арнасы үнеміжұмыс істейді. Одан бөлек елімізде жақында ғана іске қосылған 111 тегін сенім телефоны бар, оған қоңырау шалып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету бағдарламалары туралы кеңес алуға болады. Әрбір шақыру бойынша полиция қызметкерлері жедел түрде сол жерге келіп, кінәлі адамдарды жауапқа тарту үшін заңда көзделген барлық шараны қабылдайды, – деді ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақмарал Серікбаева.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...