Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Түркістандық полицейлер қайырымдылық жасап, екі отбасын қуантты

Танымал

Ел аузында

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тәртіпті сақтайтын, сондай-ақ тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап, мүмкіндігінше көмек беруге ұмтылатын полицейлер әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек беруді де естен шығарған емес.
Осы орайда Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының 2-взвод қызметкерлері облыс орталығында тұратын екі отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Яғни 20-дан астам тәртіп сақшысы бір ауыздан келісіп, жақсылық жасауға асықты.

Полицейлер аталмыш отбасыларға күнделікті тұрмыста тұтынуға қажетті азық-түліктерді арнайы алып, тарқатып шықты. Оның бірі мүмкіндігі шектеулі баласы бар ана болса, келесісі 7 ұл-қыз өсіріп отырған көпбалалы жанұя.

Тәртіп сақшылары тарапынан қамқорлықты сезінген жандар, өздерінің шынайы алғыстарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетсек, мұндай игі шараларды полицейлер сайын өткізіп отыруды дәстүрге айналдырған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...