Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Алматыдағы хостелде қаза тапқандар – жастар немесе студенттер болуы мүмкін: аудан әкімі

Танымал

Ел аузында

Алмалы ауданының әкімі Айдар Жәкібаев хостелден шыққан өртке қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Қазір хостелде болған адамдардың кім екені анықталып жатыр. Бірақ біздің білуімізше, ол – жастар немес студенттер. Эвакуацияланғандардың ішінде Үндістан немесе Пәкістан азаматтары бар екенін көрдік. Қажет шаралар қабылданып жатыр. 45 адам екі хостелге эвакуацияланды. Тамақ, қажет заттар берілді», – дейді аудан әкімі. 

Еске салайық, бүгін Алматыда хостелде өрт шығып, 13 адам қаза тапқан болатын. 

Кейінірек Алматыдағы хостелден шыққан өрт салдарынан үш адам ауруханаға түскені белгілі болды. 

«2023 жылғы 30 қарашада Әди Шәріпов көшесіндегі өрттен зардап шеккен үш адам сағат 08:40-қа дейін жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...