Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Сатуға дайындалған 20 пакет синтетикалық есірткі Шымкенттік әйелден тәркіленді

Танымал

Ел аузында

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында, Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері шымкенттік әйелден синтетикалық есірті затын анықтады.
Өзімен бірге заңмен тыйым салынған затты алып жүрген әйелді полицейлер Сарыағаш қаласынан ұстады. Тексеру кезінде оның сыртқы киімінің қалтасынан ішінде ұнтақ тәрізді есірткіге ұқсас заты бар 18 дана пакет табылды.
Одан әрі күдікке ілінген тұрғынның үйін тінту барысында синтетикалық есірткіге ұқсас заты бар 2 дана пакет, электронды таразы мен басқа да айғақты заттар тәркіленді. Сараптама тағайындалды.
Зерттеу қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған зат, салмағы 20 грамнан асатын «мефедрон» синтетикалық есірткісі болып шықты.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша тіркеді.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тәртіп сақшыларымен анықталатын болады. Күдікті қамауда.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...