Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Астанада су тарифі қымбаттауы мүмкін

Танымал

Ел аузында

Астанада су тарифі қымбаттауы мүмкін. Алматы ауданы әкімдігінде өткен қоғамдық тыңдауда «Астана су арнасы» кәсіпорны өкілдері осындай ұсыныс жасады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Астана су арнасы» АҚ өкілдері қолданыстағы тарифтер 2023 жылғы маусымда бекітілгенін айтты. Ауызсудың жаңа тарифтері 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 12 теңгеге – 105 теңгеден 117 теңгеге дейін өсуі мүмкін. Сарқынды суларды бұру және тазарту тарифі 103 теңгеден 117 теңгеге дейін, өндірістік су 40 теңгеден 43 теңгеге дейін өсуі мүмкін. 

Компания өкілдері мәліметінше, су тарифтерін көтеру өсіру үшін:

кәріз желілерін қайта құруға және жөндеуге, жабдықтарды жаңартуға қосымша инвестициялар;
стратегиялық тауарлардың құнын арттыру;
кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын арттыру керек. 
Тарифтер бойынша түпкілікті шешім айтылған пікірлерді, ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, өтініштерді жан-жақты талдап, қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша қабылданады деп уәде беріліп отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...