Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Тоқаев жылусыз қалған өңірлердегі жағдайды шұғыл реттеуді тапсырды

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы өңірлердің әкімдерімен жылу беру мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау облыстарының әкімдері аймақ тұрғындарын жылумен және сумен қамтамасыз ету мәселесі жөнінде есеп берді.

Президент апат болған учаскелердегі жағдайды шұғыл реттеп, халықты жылумен және сумен қамту ісін тез арада қалпына келтіруді және барлық елді мекендегі коммуналдық желілердің үздіксіз жұмысын жолға қоюды талап етті.

Үкіметке жылыту маусымына дайындық кезінде олқылықтар жіберілгені туралы айтылды.

Үкімет басшылығы еліміздегі тозығы жеткен энергетикалық инфрақұрылымдағы бұзылу жағдайларын қоспағанда, жалпы ахуал бақылауда екенін мәлімдеді. Апаттық жағдайларға жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.

Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды орындау үшін Үкіметке және облыстардың әкімдеріне жеке-жеке жауапкершілік жүктеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...