Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Кеншілер арнайы төлем алады: сенаторлар заңды мақұлдады

Танымал

Ел аузында

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң екінші оқылымда мақұлдады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Заңды сенатор Әсем Рахметова таныстырды. «Заңды қабылдаудағы негізгі мақсат қорғамдық бірлестіктер құру рәсімдерін жеңілдету және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру болып саналады. Бүгінде «Қоғамдық ұйымдар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туындауына байланысты, азаматтарымыздың қоғамдық құқығын одан әрі кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктер беретін нормалар енгізіліп отыр. Бұл қоғамдық бірлестіктерді құруға қажет адамдардың санын 10 адамнан 3 адамға дейін төмендетуді көздейді», – деді ол. Сонымен қатар сенатор құжат 55 жасқа толған кеншілерге арнайы төлем төлеуді көздейтінін жеткізді. «Әлеуметтік және Еңбек кодекстеріне еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізу бойынша түзетулер енгізілді. Бұл төлем еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін азаматтар 55 жасқа толғанда кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген болса, жұмысынан кеткенде немесе басқа жеңіл қызметке ауысқан кезде алады», – деді Әсем Рахметова. Төлемдер мыналардан тұрады: Бюджеттен 2 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы; Жұмыс берушінің қаражаты есебінен 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде кәсіби төлем; Сақтандыру ұйымдарынан зейнетақы алдындағы аннуитет шарты бойынша 1 ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде сақтандыру төлемі; Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі. Сондай-ақ бұл азаматтардың 55 және 63 жас аралығында міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алу уақытын өз бетінше айқындау құқығы айқындалды. Арнайы әлеуметтік төлем зейнеткерлік жасқа толғанға дейін жүргізіледі. Бұдан басқа еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру жөніндегі нормалар ұсынылды: Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру сыйлықақысы сомасының 6 пайыз шегінде оңалту шараларына арналған шығыстарды өтеуі; Сақтандыру ұйымдарының зардап шеккен қызметкерді санаторий-курорттық емдеуді 100 АЕК-ке дейінгі (369 200 теңге, 2024 жылы 1 айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңге болады) мөлшерде өтеуі; Жазатайым оқиға салдарынан келтірілген зиянды өтеу (сақтандыру төлемі) мөлшерін айқындау кезінде қызметкердің кінәсін болдырмау. Дауыс беру нәтижесінде заң жобасы екінші оқылымда мақұлдады. Айта кетейік, арнайы төлем 33 мың кеншіге тағайындалады. Жаңа төлемнің орташа мөлшері – 200 мың теңге.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...