Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Түркістан облысында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлердің гарнизондық байқауы өтті

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында, Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің гарнизондық байқауы өтті. Байқауға облыстық департамент бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов қатысып, жеке құрамды келе жатқан мерекесімен құттықтады.

«Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміз өркендеп, халықтың бірлігі нығайсын. Тәуелсіздіктің іргетасы мызғымасын, халықтың үміті – асқақ, ал егемендігіміз – тұрақты болсын. Отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық пен өркендеу тілеймін! «, – деп атап өтті облыстың бас полицейі.

Байқау барысында жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығы тексерілді. Сондай-ақ сыртқы келбетіне, саптық түсім дағдыларына, бөлімшелердің жалпы үйлесімділігі мен қызметтік автокөліктің жай-күйіне назар аударылды.

Полиция департаментінің басшылығы мереке мен демалыс күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында нұсқаулық өткізді. Тәртіп сақшылары үшін бұл күндері адамдардың тыныш демалуы өте маңызды. Ал қызмет атқару, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полицияның басты міндеті.

Байқау соңында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері мен полицейлері салтанатты шерумен өтіп, өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға кірісті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Фараби әлемі» халықаралық конференциясы кезекті жұмысын тәмамдады

         Жыл сайынғы дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби...