Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Анамды табу үшін бәрін жасаймын» – шетелдіктер асырап алған қазақтың баласы

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атап жүр. Мұрат біраз уақыт өзі туған жерді аралап, анасын іздеді. Енді ол анасын көрмейінше қайтпайтынын айтады. Сондай-ақ, шетелдіктер асырап алған қазақтың баласы құшақ жая қарсы алған Қазақстан халқына жылы лебізін білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сәлем, Қазақстан халқы. Мен үшін нені білдіретініңді түсінбейсің деп ойлаймын. Сен үшін қаншама көз жасымды төккенімді түсінбейсің деп ойлаймын, өйткені мен бақыттымын. Сізбен танысқаныма қуаныштымын. Мен анамды осы іздегеннен кейін таба алмаймын (бұл ой мені қатты қынжылтады), бірақ бәрібір сені кездестірдім. Біз бір-бірімізге көмектесеміз. Қазақстан мен оның халқы мен үшін соңғы жылдары болған ең әдемі нәрсе. Қазақстандықтардың барлығына рақмет. Саған арналады. Білесіз бе, мен Қазақстанда біраз уақыт боламын және анамды табу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын», – дейді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...