Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Декларация деген не және оны тапсырмағандар қалай жазаланады?

Танымал

Ел аузында

2021 жылы қаңтардан бастап елімізде жалпыға бірдей декларация енгізілді. Бұл процесс кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мемлекет азаматтардың әділетті түрде салық салуы мен жеке  кірісін бақыламақ. Ондағы мақсат – жемқорлық пен көлеңкелі экономиканы азайту, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бірінші кезең – 2021 жылы «кіріс» декларациясын мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды. Олардың саны шамамен – 580 мың жеке тұлға.

Екінші кезең – 2023 жылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары ұсынды. Олардың саны шамамен 2,1 млн адам.

Үшінші кезең – 2024 жылдың қаңтарынан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады: 3,9 млн адам.

Төртінші кезең – 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – азаматтардың қалған санаты (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы адамдар, студенттер және басқалар) ұсынады.

Жалпы 6,4 млн-нан аса жеке тұлғаны қамту жоспарланып отыр. Осылайша, жалпыға бірдей декларация жүйесіне 13 млн жуық адам кіруге тиіс, – деді Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

 Азаматтар декларацияда нені көрсету керек?

Шетелдегі жылжымайтын мүлік және көлік;

Шетел банкіндегі 7,3 мың доллардан (1000 АЕК) көп ақша;

Шетелдік компанияға қатысу үлесі;

Бағалы қағаздар, цифрлық активтер (биткоин және тағы басқа);

Үлестік қатысу шарты (тұрғын үйдегі үлес);

Инвестициялық алтын (алтын құймасы);

Зияткерлік меншік және авторлық құқық объектісі;

34,5 млн теңге (10 мың АЕК) шегіндегі қолма-қол ақша;

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін нотариалды куәландырылған басқа тұлғалармен қарыз шарты;

Құны 3,4 млн теңгеден асатын басқа мүлік (қалауы бойынша) (мәдени құндылықтар, зергерлік бұйымдар, асыл тұқымды жануарлар және тағы басқа) – бағалауды декларацияны тапсырғанға дейін жүргізу керек (2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін).

Декларация – жалпыға ортақ. Онда танымал адамдар үшін арнайы декларация тапсыру заңда көзделмеген

Алдағы жылдары қосымша табысы бар зейнеткерлер де декларация тапсыруы мүмкін

Бүкілі «кіріс» декларациясын тапсыруға тиіс. Оған зейнеткерлер де, студенттер де, жалпы бәрі кіреді. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесіне жалпы 13 млн адам кіреді. Мәселен, 2026 немесе 2027 жылдары зейнеткер тек зейнетақы алса, кәсіпкерлікпен, қызметпен айналыспаса, онда декларацияны тапсырмау мүмкіндігін қарастырамыз. Осылайша, одан деректерді автоматты түрде аламыз. Алайда бірінші декларацияны барлығы тапсыруы керек, – деді вице-министр.

 Жұмысы тоқтаған кәсіпкерлер декларация тапсыра ма?

Кірістер комитетінің мәлімдеуінше, келер жылы кәсіпкерлер жеке мүліктерін жариялап, декларация тапсырады. Олар – жеке кәсіпкерлер, бірінші басшылар, құрылтайшылар, заңды тұлғалардың қатысушылары. Жұмыс істемей тұрған және жұмысын тоқтатқан кәсіпкерлер де декларация тапсыруы керек. Алайда, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары заңды тұлға болып табылмайтындықтан, декларация тапсыруға міндетті емес.

Қаржы министрі кіріс туралы декларацияны жариялауға уәде берді.

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев декларация тапсыратынын айтты.

Мен кадр қызметіне тапсырма бердім. Заң бойынша ол жариялайды. Мен мұнымен айналысамын. Екіншіден, менің жалақымды білесіздер, жалпы жасыратын ештеңем жоқ, – деді ол Сенатта БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап бере отырып.

 Декларацияны тапсырмағандарды қалай жазаланады?

Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлемдерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салықтық режимдерді әкімшілеу департаментінің директор Нұржан Қуандықов декларация тапсырмағандарға қандай шара қолданылатынын айтып берді.

Бірінші. Декларацияны бірінші рет ұсынбағаны үшін – ескерту, бір жыл ішінде қайталап бұзғаны үшін 51 750 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Екінші. Декларацияда толық емес немесе анық емес мәліметтерді бірінші рет ұсынғаны үшін – ескерту, бір жылда қайталап бұзғаны үшін 10 350 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Үшінші. Бір жыл бірінші рет салық объектілерін жасырғаны үшін – төленбеген салық сомасының 200 пайыз мөлшерінде айыппұл, қайталап бұзушылық үшін 300 пайыз мөлшерінде айыппұл салынады.

Нұржан Қуандықов жеке табысқа салықтық бақылау қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.

Сонымен, біріншіден камералдық бақылау жүргізіледі – жеке тұлғалардың шығындары осылайша бақыланады. Декларацияның бар-жоқтығы тексеріледі. Декларацияда табыс пен мүлікті көрсетпеу және кірісті азайтып көрсету фактісі анықталады. Одан кейін камералық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жоймаған азаматтарға қатысты салықтық тексеру жүргізіледі, – деді Кірістер комитетінің өкілі. 

Декларацияны қалай тапсырамыз?

Бүгінгі таңда азаматтардың 99 пайызға жуығы декларацияны электронды түрде тапсырған. Есепті «Салық төлеушінің кабинеті», «Электронды үкімет» веб-порталдары, e-salyqАzamat, Halyk, Банк Центркредит мобильді қосымшалары арқылы беруге болады. Сондай-ақ азаматтардың пошта арқылы декларацияны тапсыруға құқығы бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...