Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
21 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Қостанай облысында ер адам пәтеріндегі төсегінде өртеніп кеткен

Танымал

Ел аузында

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысы Қайрат Қасым өңірде кейінгі 10 күн ішінде қанша адам қаза тапқаны туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Алау» басылымына сілтеме жасап. 

14 желтоқсанда кешке тандыр наубайханасында жарылыс болған. Гараждан бөлмеге әкелінген алты пропан баллонының екеуі жарылды, содан кейін тағы екеуі жарылған. Салдарынан Өзбекстанның 20 жастағы азаматы денесінің 70 пайызын күйік шалған. Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің айтуынша, үш күннен кейін Қостанайдағы демалыс орталығында орналасқан үйлердің бірінде тағы бір баллон жарылған. 

«Кішкентай газ баллоны, 220 миллилитр, және ересек адам тереземен бірге көшеге ұшып кеткен. Сіз бұл қаншалық маңызды екенін білесіз бе? Мен барлық физика мұғаліміне, бәлкім, барлық мұғалімге өтініш айтқым келеді. Газдың осы қасиеттерін адамдарға жастайынан түсіндіру керек шығар», – дейді ТЖД басшысы.

Өңірде кейінгі 10 күнде өрт салдарынан тағы үш адам қаза тапқан. Қайрат Қасымның айтуынша, күні кеше Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Рүстем Ернияз кешкісін үйіне қайтып келе жатып, кіреберістен қатты түтіннің иісін сезіп, барлық пәтерді тексере бастаған. Ол түттіннің қайдан шығып жатқанын анықтап, алдымен зардап шегушіні сыртқа шығарды. Осыған ұқсас тағы бір оқиға қайғылы аяқталды. 

«Таңертең подъезден түтін шыққанын сезген көршілер алғашында назар аудармаған, тек сол пәтерге жақын тұратын көрші 101 қызметіне хабарласқан. Өкінішке қарай, ер адам өз төсегінде тұншығып, өртеніп кеткен. Темекі шеккен, мүгедек», – дейді Қайрат Қасым.

Өңірде небәрі 10 күннің ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 129 оқиға тіркеліп, оның 45-і төтенше жағдай деп танылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...