Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10.9 C
Nur-Sultan
27.1 C
Almaty
27 C
Shymkent

БҚО ӘКІМІ БЕЛГІЛІ ӨНЕРТАНУШЫ ІЛИЯ ЖАҚАНОВТЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Танымал

Ел аузында

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев Қазақстанның Еңбек Ері, «Отан», «Парасат» ордендерінің иегері, халықаралық Шыңғыс Айтматов және Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты, Қазақстанның және Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркемсурет Академиясының академигі, жазушы, композитор, өнертанушы, суретші Ілия Жақановты қабылдады. Өңір басшысы белгілі өнертанушыға алғысын білдірді. Одан әрі қарай «Атамекен» өнер ордасында Ілия Жақановтың шығармашылығына арналған республикалық «Еділ-Жайық» суретшілер симпозиуымының ашылу салтанаты өтті.
Айта кетейік, Ілия Жақанов 1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы Ақтоғай ауылында жарық дүниеге келген. Ол 1959 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ал 1959-1963 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі болған. Сондай-ақ 1963-1984 жылдар аралығында Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Телевизия және радиохабар жөніндегі Мемлекеттік комитеті жүйесінде әдеби редактор, Қазақ радиосының музыкалық редакциясында бас редактор қызметтерін атқарды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҰЖЫМЫ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ ТЫҢДАДЫ

Бүгін Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын жеткізіп,...