Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Онколог қаптамадағы шайдан неліктен біржола бас тарту керек екенін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Қаптамадағы шай ыңғайлы екені белгілі. Ол тез қайнайды, жұмыста немесе саяхатта қолдану оңай. Алайда мұндай сусынның зияны да болуы мүмкін, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі doctorpiter.ru-ға сілтеме жасап.

Онколог Артур Бернацкий шайдың құрамына 300-ден аса зат кіретінін айтады, олардың кейбіреулері денсаулыққа тікелей әсер етеді.

Мысалы, шайдағы кофеин кофеге қарағанда әлдеқайда көп екен. Алайда оның әсері әртүрлі болады.

«Кофеде кофеин мен кофе қышқылы бос күйде болады және асқазан-ішек жолдарының шырышты қабығына тез сіңіп, қанға еніп, белгілі бір реакция тудырады. Шайда кофеин танинге байланысты болады және денеде қалмайтын «кофеин танаты» деп аталады. Кофеин бүйрек үсті бездерінің жұмысын күшейтеді, күйзеліс гормондарын шығарады және жүйке жүйесін әлсіретеді», – деді Артур Бернацкий.

Маманның пікірінше, қаптамадағы шай ыңғайлы болса да, одан бас тартқан дұрыс.

«Қаптамадағы немесе сүзгі қаптамалардағы шай дегеніміз – шай жапырағы емес, шай ұнтағы. Ол жерден пайдалы заттарды таба алмайсыз. Егер сүзгі қаптамадағы шайдың жеке қаптамасы болмаса, бұл шай барлық өндіріс қалдығын сіңіргенін білдіреді. Бұл – ең төменгі сортты шай. Сондай-ақ, мұндай шай әдетте көптеген қоспаға ие, соның ішінде химиялық заттар болады, олар тіпті суық суға да күшті әрі тез түс береді. Бұл түйіршіктелген шайларға да қатысты», – деп түсіндірді дәрігер.

Дәрігерлер онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастардан жасанды хош иісі бар, қаптамадағы шайды ішпеуге кеңес береді. Артур Бернацкийдің айтуынша, мұндай сусындар иммун және лимфа жүйелеріне кері әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ, аллергияға бейім адамдар одан біржола бас тартқаны дұрыс.

«Атопиялық дерматит, псориаз, демікпесі, аллергиялық риниті (поллиноз) бар адамдар үшін мұндай шайды мүлдем тұтынуға болмайды, өйткені бұл олардың иммундық жүйесіне теріс әсер етеді және аллергияны күшейтеді», – деп түсіндірді дәрігер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...