Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Қатты жел, көктайғақ, тұман: синоптиктер 25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды

Танымал

Ел аузында

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда түнде көктайғақ болады.

Еліміздің 11 облысында ертең дауылды ескерту жарияланды,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі, облыстың солтүстігінде тұман болады. Түнде облыстың батысында, орталығында оңтүстік-шығыстан соққан желдің 18 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні   –15-20 м/с. Орал қаласында да тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болады деп болжанады. Түнде облыстың солтүстігінде қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді.  Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында, күндіз оңтүстік бөлігінде оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақтөбеде көктайғақ болуы мүмкін. Түнде оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні  – 15 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында боран соғады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанайда көктайғақ, тұман болады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  – 15-20 м/с.

Қызылорда облысының батысында, орталығында тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың солтүстігінде оңтүстіктен соққан желдің екпіні  – 15-20 м/с. Қызылордада тұман түседі деп күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы аудандары мен тау бөктерінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шымкентте, Түркістанда оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  – 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Ақтауда солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  – 15-20 м/с.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда түнде көктайғақ болады.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында қар ұшқындап, жаяу бұрқасын жүреді. Облыстың оңтүстігінде, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні  – 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ, болады деп күтіледі.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Облыстың басым бөлігінде көктайғақ болады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Петропавлда түнде көктайғақ, тұман болады деп күтіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...