Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26.6 C
Nur-Sultan
25.5 C
Almaty
29 C
Shymkent

Қазақстанда қанша адам өлім жазасына кесілгені белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Бас прокуратура 2023 жылғы үкімдер туралы мәліметті ұсынды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tengrinews.kz ресми сауалына Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2023 жылдың 9 айында Қазақстан соттары 242 адам ақталып, 9 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін (заңды күшіне енген үкімдер негізінде) айтты.

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған 9 адам: Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, адам өлтіру – 5 адам, Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша, зорлау – 1 адам, Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша, сексуал сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін – 3 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.

«Сотталғандар туралы қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1994 жылдан бері заңды күшіне енген үкімдер бойынша 73 адам өлім жазасына кесілген», – делінген жауапта.

Еске салайық, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен тоқтатылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

                  Ұлттық құндылықтарды дәріптеу маңызды

                  ҚазҰАЗУ-нің аға оқытушысы  Сембаев Р.М.     ҚазҰАЗУ-нің аға оқытушысы Мәлікқызы М.            Дамыған мемлекеттерде руханият бірінші орында тұрады. Ол-барлық адамға азық екені анық. Рухани...