Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.7 C
Nur-Sultan
19.4 C
Almaty
20.4 C
Shymkent

Жол апатын рәсімдеудің жаңа тәртібі енгізілді: жүргізушілер не білуі қажет?

Танымал

Ел аузында

1 қаңтардан бастап азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғалары кезінде полицияның және соттың қатысуынсыз жеңілдетілген тәртіпте сақтандыруды рәсімдей алады. Бұл үшін «Еурохаттама» арнайы мобильді қосымшасы әзірленді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қосымшаның көмегімен жүргізушілер жол-көлік оқиғалары дерегін тіркеп, сақтандыру компанияларына материалдық залалды өтеуге өтінім береді. «Еурохаттама» арқылы жол-көлік оқиғаларын рәсімдеудің міндетті үш шарты бар:

1) Жол-көлік оқиғасына екі көлік қана қатысқан кезде;

2) Жүргізушілердің қолданыстағы сақтандыруы болуы қажет. Сондай-ақ, кім кінәлі, ал кім зардап шегуші екенінде келіспеушіліктер болмаған кезде;

3) Апат салдарынан денсаулыққа залал келтірілмесе, ал көлікке келтірілген шығын сомасы 100 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, бұл дегеніміз – 369 мың теңге.

«Осындай тәртіпте жол-көлік оқиғасын рәсімдеу үшін мобильді телефонға «Еурохаттама» қосымшасын қосып алып, тіркеліп, оқиғаның фото және бейнематериалдарын салу керек. Қосымшаны тиімді пайдалану мақсатында жол-көлік оқиғасының қатысушылары жақын жердегі полиция нарядына жүгіне алады, олар оны пайдалану кезінде көмек көрсетеді. «Еурохаттаманың» артықшылығы неде? Біріншіден, азаматтар ұсақ жол-көлік оқиғаларын рәсімдеу үшін полицияны күтпейді, осылайша жолдардағы кептеліс төмендейді. Екіншіден, жеңілдетілген тәртіппен тіркелген жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Үшіншіден, сақтандыру төлемінің мерзімі қысқарады. Бұрын 30-дан 90 күнге дейін уақытты алса, қазір хаттама тіркеу сәтінен бастап төлемді алуға шамамен бес күн кетеді» – деді ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Қуаныш Тілекбаев.

Еске салайық, бұған дейін де жол апатына ұшырағандар полиция шақырмай-ақ өтемақыны онлайн ала алатыны хабарланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Қазақ тілі – ғылым мен технология тілі» республикалық конференциясы өтті

2025 жылғы 5 қыркүйекте Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ұйымдастыруымен Астана қаласындағы Назарбаев университетінде Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы...