Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

7.8 C
Nur-Sultan
20.3 C
Almaty
18.8 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды – адвокат

Танымал

Ел аузында

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша тергеу аяқталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахова хабарлады.

«Өткен аптаның соңында біз Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы хабар алдық. Қазіргі уақытта іс бойынша жүргізілген барлық сараптамамен таныстық, бірақ қылмыстық іс материалдарымен әлі толық танысқан жоқпыз. Менің мұндай істер бойынша тәжірибем өте көп, мен бұған дейін кісі өлімі бойынша істерге қатысқанмын, бірақ тіпті менің өзімді сарапшылардың қорытындысы таңғалдырды. Мұндай қатыгездікті, салқынқандылықты көрген емеспін. Қазіргі уақытта Салтанаттың отбасына деген құрметіміз үшін кісі өлтіру оқиғасының мән-жайын айта алмаймыз. Тараптар іс материалдарымен танысып, қорғау туралы өтініштерін бергеннен кейін іс шешім қабылдау үшін прокуратураға жіберіледі», – деп хабарлады адвокат.

Адвокат іс бойынша қамауға алынған екінші адам – Қуандық Бишімбаевтың туысы – ҚК-нің 434-бабы «Қылмыс туралы хабарламау» бойынша айып тағылуға тиіс деген болжам жасады.

«Белгілі немесе енді жасағалы жатқан не аса ауыр қылмыс жасағаны туралы хабарламау 6000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі. Осы санаттағы істер – хабарламау, қолданыстағы қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес кісі өлтіру жөніндегі негізгі іспен бірге сотқа жіберіледі. Толығырақ, біз қылмыстық істің барлық материалмен танысқаннан кейін айта аламыз», – деді адвокат.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Раушан ШӘМІЛ, ҚР ҰЛТТЫҚ  ТУРИЗМ  ИНДУСТРИЯСЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  НАРЫҚТА ОТАНДЫҚ ТУРОПЕРАТОРЛАРДЫ ҚОРҒАУ ӨТЕ НАШАР

 – Раушан  Шәмілқызы, соңғы кезде  қытайлық туристердің  Қазақстанға, оның ішінде Жаркентке деген қызығушылығы күрт өскені байқалады. Бұл неге байланысты? – Оның негізгі екі себебі...