Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-15 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Қазақстандықтарға 100 мың теңгеден беріліп жатқаны туралы ақпарат тарады

Танымал

Ел аузында

WhatsApp-та «Қазақстан азаматтарына 100 мың теңгеден бастап төленетіні» туралы ақпарат тарап жатыр, – деп хабарлайды stopfake.kz.

Тіпті сол тараған ақпаратта Қаржы министрлігінің жалған сайтының сілтемесі де ұсынылады екен. Алайда бұл ақпарат – алаяқтардың ісі. Ресми дереккөздерде және БАҚ-та мұндай ақпарат жоқ.

ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі де тараған ақпаратты жоққа шығарды. Хабарламада көрсетілген мәліметтер шындыққа жанаспайды, ал тіркелген сілтеме ҚР Қаржы министрлігінің атынан ашылған жалған сайтқа апарады. Ведомство өкілдері барлық ресми ақпарат Қаржы министрлігінің ресми порталында орналастырылатынын мәлімдеді.

«Ақшаңыздан айырылып қалмау үшін күмән тудыратын сілтемелерге өтпеңіз. Тек ресми және сенімді ақпарат көздеріне сеніңіз», – деп жазылған басылым мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін де дәл осындай жалған ақпараттар тарады. Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 100 мың теңге және одан артық мөлшерде өтемақы төленетіні айтылды. Алайда ол кезде де бұл жалған ақпарат болып шықты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...