Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Тамағымызды тауып жеу арман болған – Жазира Байырбекова 

Бағдарлама қонағы өнер жолындағы алғашқы сәттерін еске алды.

Танымал

Ел аузында

Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында өнер жолындағы алғашқы қиындықтар, жол апаты, неге емделіп жүргені, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

«Бізге жай ғана, кішігірім времянкада өзіміздің тамағымызды тауып жеу арман болған. Өз баспанамызды алу арман болды. Сахнаға шығып, танымал әнші болу арманымның тізімінде болмаған. Танымалдықтан гөрі бізге күнкөріс жағы маңызды болды. Кейде ойлаймын: Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, мен қазір бұлай танымал әнші болмақ түгіл, пәтер жалдап жүретін бе едім», – деді әнші.

Әнші жол апатында қандай жарақат алғанын әңгімеледі.

«Әлі де ем алып жүрмін. 7-8 жыл бұрын көлікпен келе жатып, 6-7 метрге үлкен, қара «Джиппен» ұшып түскенбіз. Бірақ бір қызығы мұздың үстінде келе жаттық, жолдың шетінде қар үйіліп тұр екен. Джиппен ұшып, тау боп үйіліп тұрған қардың үстіне түстік. Қардың үстіне емес, 1 метр бері не ары құлағанымызда, аман қалмас па едік. Сол кезде омыртқам күмпиіп тұрды. Бірақ жоспарларымыз, әсіресе, ұзатуларымыз ренжиді ғой. Күтпейді. Ауырды, бірақ бір жерім ауырып тұрса, «істемей қалмаса болды, соғыс кезінде бір аяғы жоқтар да соғысып жүрді ғой» деп ойлайтынмын. Соның салдарынан ұзақ уақыт белімді емдетіп жүрмін», – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...