Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Анамды өлтіре алмаймын – Дулыға Ақмолда

Танымал актер Дулыға Ақмолда #BIZBENPODCAST жобасына қонақ болды.

Танымал

Ел аузында

Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.

Өнерпаз жоба жүргізушілерімен бірге пандемияның театр мен кино саласына тигізген ықпалы, таяуда түскен «Сержан братан» сериалы туралы әңгімелеп, қандай рольдерден бас тартатынын айтып берді.

«Актер үшін қызық ештеңесі жоқ, ойнайтын ештеңесі жоқ рольдер келді. Ондай роль қызық емес. Бір роль болды, сценарийі керемет жазылған, бірақ менің табиғатыма келмейді. Фильм атауын да, режиссерін де айтпай-ақ қояйын, басты рольлде ойнау керек болды. Бірақ ол ауырып жатқан анасын қиналмасыншы деп жастықпен тұншықтырып өлтіру керек болады. Мен режиссерге рақметімді айттым, бірақ мына рольді ала алмаймын дедім. Мені ат, өлтір, граната лақтыр, бірақ кинода да мен шешемді өлтіре алмаймын дедім. Өзім жүз рет, мың рет өлейін. Бірақ анамды өлтіре алмаймын», – деді Дулыға Ақмолда.

Ол бас тартқан тағы бір роль туралы баяндады. 

«Нәрестенің өліміне бірінші себепкер мен боламын. Ол да басты роль. Бірақ мен басқа-басқа, нәрестенің өліміне себеп болғым келмейді. Кез келген адамның адами принцип, ұстаным дейді, міне мен үшін одан өткен қатыгездік жоқ деп есептеймін», – дейді актер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

18 наурыз – «Ұлттық киім күні» №76 бөбекжай балабақша бүлдіршіндері ұлттық киіммен «Қара жорға» биін биледі

2025 жылдың 18 наурызында Қазақстанның 76 балабақшасының бүлдіршіндері Ұлттық киім күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысты. Бұл күні балалар өздерінің...