Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Елімізде 56 пайыз электр станциялары тозған – министр

Танымал

Ел аузында

Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді. Бұл туралы үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда елімізде 220 электр станциясы жұмыс істейді, оның ішінде жалпы қуаты 2,8 ГВт болатын 144 ЖЭК объектісі бар. Бұл ретте өткен жылы қуаты 495,6 МВт болатын тағы 16 ЖЭК объектісі іске қосылды, – деді ведомство басшысы.

Министрдің дерегінше, станция жабдықтарының орташа тозу деңгейі – 56 пайыз.

1 қаңтардағы жағдай бойынша жалпы қолда бар қуаттың көлемі 20,4 ГВт, жұмыс қуаты 15,4 ГВт құрады. Осы күзгі-қысқы кезеңде тұтыну максимумы – 16,6 ГВт, ал генерациялау максимумы -15,1 ГВт. Өткен жылы электр энергиясын тұтыну көлемі 115 млрд кВ/тсағ, электр энергиясын өндіру 112,8 млрд.кВ/тсағ жетті. Бұл ретте көршілес елдерден электр энергиясын импорттау – 3,4 млрд кВт/сағ, экспорт – 1,4 млрд кВт/сағ, – дейді энергетика министрі.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...