Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.5 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
32.6 C
Shymkent

«Біз әртүрліміз. Күшті емес пе?» Қазақстанда алғаш рет ЛГБТК+ сайты ашылды

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда алғаш рет ЛГБТК+ сайты ашылды. Сайтта қазақ және орыс тілдерінде ақпарат жарияланған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сайттағы мәліметке сүйенсек, «Selftanu» деп аталатын жоба ЛГБТК+ жасөспірімдер мен өз-өзін танып-білгісі келетін адамдарға арналған. Оның авторлары – Мүтәлі Москеу, Саша Казанцева. 

«Бір жылдары өзіміз де ЛГБТК+ бала болдық. Өз-өзін енді танып келе жатқан куир адам қандай сұраққа жауап іздейтінін біз жақсы білеміз. Оны табудың өзі оңай емес! …ЛГБТК+ адамдардың ата-анасы мен достары да, әлемде қандай тамаша адамдар барын әрі олардың әртүрлі екенін білгісі келетіндер де біздің сайтты оқи алады!» – деп жазылған жоба туралы мәліметте. 

Бөлімдердің бірінде мынадай мәтін бар: «Біз әртүрліміз. Күшті емес пе? Кей әйелдер ерлерге, басқалары әйелдерге ғашық болып жатады. Кейбір ерлерді әйелдер қызықтырса, екінші бір бөлігі ерлерге қызығады. Ал кей жандар өзін не ер, не әйел деп те санамайды.  Біреу үшін адамның жынысы маңызды емес, бастысы – жақсы адам болса болғаны. Ал басқа бір адамға қарым-қатынас деген түк те қызық болмауы мүмкін. Адам баласы біреуге құштар болса да, ғашық болса да, өзін-өзі қалай таныса да – барлық амалының ниеті ізгі болуы керек».

Сонымен қатар, сайтта мына бағытта ақпараттар топтастырылыпты:

Өз-өзіңді қалай тануға, бағдарың мен гендерлік кімдігіңді анықтауға болады?
Романтикалық қарым-қатынас пен секс жайлы не білу керек?
Қалай дос тауып, ата-анамен қарым-қатынасты дұрыстап, болашақты жоспарлауға болады?
Балам / досым / құрбым — ЛГБТК+ адам боп шықса, қайтпек керек?

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының дәрігерлері Беларусь Республикасында біліктілігін арттыруда

Алматы облысынан барған дәрігерлер тобы Беларусь Республикасының Минск қаласындағы «Ана мен бала» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтуде....