Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Алматыдағы қандай үйлер жер сілкінісіне төтеп бере алады? Сәулетші жауап берді

Танымал

Ел аузында

Суретші, сәулетші, Қазақстанның төл ұлттық валютасы – теңгенің авторларының бірі Хайролла Ғабжәлелов Алматы қаласының ғимараттары қандай заңдылықтармен салынған айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сейсмикалық жерлер деп 9 балл және одан жоғары балды жер сілкілісі болатын жерлерді айтады. Алматы – сол тізімнің алдыңғы қатарында тұрған қаланың бірі. Себебі, қала өсіп келе жатқан жас тау Алатаудың баурайында орналасқан. Алматының бір көшесінің бір жағында 9 балл, екінші жағында 10 балл, біраз төменірек жерінде 11-12 бал саналатын жерлер де бар. Мәселен, «Ташкетская көшесінің» төменгі жағындағы жерлер сондай. Сейсмиканың қандай балл болуы мүмкін деген сұраққа жауап берсек, ол құрылыс болатын жердің (грунттың) топырағының құрамына байланысты», – деді Хайролла Ғабжәлелов.

Сәулетшінің айтуынша, Алматы қаласында осындай типтегі зәулім ғимараттар бар:

Қаңқалы ғимараттар – колонна, ригелдерден жиналатын, қабырғасы кірпіштен қаланатын ғимарат.
Панельді – қабырғалары ірі панелдерден жиналатын ғимарат. Бұрын тез салу үшін солардан көп салатын АҚК (Алматы үй құрылысы комбинаты) қазір салынбайды.
Монолитті қаңқалы ғимараттар – бәрі тек бетоннан құйылады.
Металлконструкциядан салынатын ғимарат – темірбетон қаңқасының орнына металл болады қалғандары бәрі бетоннан құйылады.

«Қай уақыт жер сілкінетінін алдын ала ешкім айта алмайды. Тек жануарлар, құстар және  аквариумдағы балықтарға қарап отырып байқауға болады. Болмаса, үлкен лабораториялар жер бетінде магнитті энергиялардың күшеюінен байқайды. Табиғаттың күшіне апатына ешкім қарсы тұра алмайды. Жердің су сияқты толқып келе жатқанын көрдім. Ал құрылысты есептеп неше балға төтеп бере алады десек, қатты жер сілкінгенде, ғимарат бірден құлап қалмайды қисайып, жарылады, бірақ ішіндегі адамдар тірі қалады деген есеппен салынады», – деді ол.

Хайролла Ғабжәлелов жер сілкініп жатқанда лифтке кіруге болмайтынын атап өтті.

«Ескі ғимараттардың баспалдақтарында тұруға да болмайды, олар жиналған төрт жағынан төрт жіңішкелеу арматурамен бекілген. Көбі кемінде елу жыл бойы тұр. Егер шіріген болса үзіліп кету қаупі бар. Жаңа ғимараттарда олар монолиттер, ол жерде тұруға болады. Ригелдердің астында тұруға болады. Ең мықты деген ғимараттар ол панельді үйлер, кейін монолитті үйлер болып есептеледі. Оған дәлел 1945 жылы Токиодағы жер сілкініс кезінде панелді үйлердің бұзылмастан тек жерге аунап түсіп жатқандарын көрдік», – дейді сәулетші Ғабжәлелов. 

Жасұлан Ордабаев

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Отан қорғаушылар күніне орай іс шара өткізілді

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №75 мекемесінің шаруашылық қызметіне қалдырылған жаза өтеушілер арасында 7- мамыр Отан қорғаушылар күніне...