Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Суды тиімсіз пайдаланатындарға жауапкершілік күшеюі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Үкімет отырысында су және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын таныстырды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның пікірінше, бүгінде су саласындағы нормативтік-құқықтық база қоғам мен мемлекеттің қазіргі талабы мен сұранысына жауап бермейді. Сондықтан бұл концепцияны нақтылап, суды тиімсіз пайдалантындарға жауапкершілікті күшейту керек.

«Жаңа Су кодексінің жобасы Мәжілісте қаралып жатыр. Сондай-ақ, қазіргі құқықтық, экономикалық, еліміздегі экологиялық қатынастарға сәйкес:

Бірінші. Су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын жаңарту;
Екінші. Судың «қара нарығын» жою жөніндегі, оның ішінде су заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті заңнамалық деңгейде қатаңдату арқылы шараларды күшейту;
Үшінші. Жеке тұлғалардың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің және кәсіпорындардың тиімді су тұтынуын ынталандыратын су тұтыну мен су бұрудың кеңейтілген нормаларын жаңарту керек», – деді Нұржан Нұржігітов.
Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жылысай ауылдық мәдениет үйі ғимаратының салтанатты ашылуы өтті

Маңызды шараға Алматы облысы мәслихатының төрағасы Байғожаев Қуат Сұлтанұлы, аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Кеген аудандық мәслихат төрағасы Нұғман...