Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

МӘМС-ке жарна алынатын табыстың шекті мөлшері 50 айлық есептік көрсеткішке дейін өспек. Мұның кімдерге қатысы бар?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда МӘМС-ке жарна алынатын табыстың шекті мөлшері өзгермек. Жоба «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталына орналастырылып, көпшілік талқысына ұсынылды. Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы мамандары енгізілгелі жатқан өзгеріс жайында түсініктеме берді.

Қазіргі таңда жұмыскерлердің жалақысынан 2% жарна ұсталады. Бірақ жарна төленетін табыстың шекті мөлшері бар. Жарна алынатын шекті мөлшер 10 ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) немесе 850 мың теңгені құрайды. Яғни, жалдамалы жұмыскерлерден ұсталатын жарна мөлшері 17 мың теңгеден аспауы тиіс.

Не өзгермек?
Денсаулық сақтау министрлігі 2025 жылдан бастап жарна төленетін табыстың шекті мөлшерін 10 төменгі жалақыдан 50 ЕТЖ-ға дейін өсіруді ұсынған болатын. Мысалы, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі де осы принцип бойынша жұмыс істейді.

Бұл өзгеріс кімдерге әсер етуі мүмкін?
Жалпы, бұл норма жалақысы 850 мыңнан асатын салаларға қатысты. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жалдамалы жұмыскерлердің 9% ғана жоғарғы жалақы алады. Яғни, жалданып жұмыс істейтіндердің қалған 91%-ы үшін көп өзгеріс бола қоймайды.

Не үшін табыстың шекті мөлшерін өзгерту қажет?
Қазіргі таңда қазақстандық МӘМС жүйесінде табыс қанша төмен болса төленетін жарнаның проценті де жоғары болып отыр. Ал, әділеттілік тұрғысынан алып қарайтын болсақ, табысы төмен адамдар жарнаны жоғары табыс табатындардан аз төлеуі тиіс.

Сандарды сөйлетсек
Қазір: Ай сайын орта есеппен 300 мың теңге алатын жұмыскер ай сайын Қорға 6 мың теңге көлемінде жарна аударады. Белгіленген шекті межені ескерсек, табысы 1,5 млн теңгені құрайтындар 17 мың теңге (10 ЕТЖ немесе 850 мыңнан) немесе табыстың 1,1% ғана аударады. Тіпті, 3 млн теңге табыс табатындар да 17 мың теңге немесе табыстың 0,6% төлейді.
Өзгеріс енгізілгеннен кейін: Биылға белгіленген ЕТЖ бойынша есептейтін болсақ, жарна аударатын табыстың ең жоғарғы межесі 4,2 миллион теңгеге дейін көтеріледі. Яғни, табыс өскен сайын жарна мөлшері де артады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Илийском районе специалисты высокого класса провели прием населения

В Илийской центральной районной больнице, по инициативе руководителя управления здравоохранения Алматинской области Алмата Тұрысбекұлы, организован прием для населения опытными...