Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Астанада оқушыны зорлағандар қамауға алынды – ІІМ

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрі Ержан Саденов Астанада 8-сыныпта оқитын қызды зорлағандар қамауға алынғанын айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министр қылмыстық іс тергеліп жатқанын атап өтті.

«Өкінішке қарай, осындай жағдай болды. Бірден күдіктелерді анықталды, қамауға алынды. Олар да кәмелетке толмағандар. Бүгінде қылмыстық іс тергеліп жатыр», – деді Ержан Саденов Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанада бірнеше оқушы 8-сыныптың қызын зорлады деген мәлімет тарады.

Елорда полициясы деректі растады. Оның негізінде Қылмыстық кодекстің 121-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғаны хабарланды.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Робототехникадан AI-флагмандарға дейін: HONOR Барселонадағы MWC 2026 көрмесінде ақылды құрылғылар экожүйесін таныстырды

Барселона қаласында өтіп жатқан MWC 2026 халықаралық көрмесінде HONOR компаниясы жасанды интеллектіні енгізудің жаңа кезеңін ұсынып, ALPHA PLAN стратегиясын жүзеге асыруды жеделдеткенін мәлімдеді. Бренд экожүйесі...