Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.9 C
Nur-Sultan
20.8 C
Almaty
21.5 C
Shymkent

«Кабирханның тұқымы керек». Қостанай жылқысы жойылып кетуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Бүгінгі таңда Қостанай тұқымының жойылып кету қаупі бар. Елімізде асыл тұқымды саналатын 200-ге жуық Қостанай жылқысы бар. Ал «Қазақ тұлпары» зауытында 48-ақ жылқы қалған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының төрағасы Бауыржан Қасенов жылқы тұқымын сақтау үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтып берді.

«Қостанай тұқымын сақтау үшін біраз қаржы керек. Ол қаржы жылқының жем-шөбі мен тұратын орындарына кетеді, оның үстіне сол бағытта жұмыс істеп жатқан жұмысшылардың жалақы мәселесі тағы бар. Әрине, бәрін тек үкімет істей бермеу керек, сондықтан біз жылқы санын сақтау үшін жеке кәсіпкерлерді де тартып жатырмыз. Жалпы жылқы тұқымын асылдандыру үшін мемлекеттен 68 миллион теңге бөлінді. Онымен қоса, жылқыларды ұстау үшін субсидия бөлінбек», – дейді ол.

Фото: ҰАҒБО баспасөз қызметі

Қостанай жылқысы – ұлттық спортқа арналған қазақтың жалғыз тұқымы.

«Ол 1951 жылы Қостанай, Майкөл және Троицк жылқы зауыттарында қазақ биелерін қалмақ, стрелец, англо-араб және одан да басқа асыл тұқымды айығырлармен будасдастырудан шығарылды. Өкінішке қарай, 2014 жылы елімізде Қостанай жылқысынан 300 бас болған, қазіргі таңда 200 ғана. Бұл көрсеткішті қалпына келтіру үшін кемінде 7-10 жыл уақыт кетеді», – дейді Бауыржан Қасенов. 

Фото: ҰАҒБО баспасөз қызметі

Қасенов Қостанай жылқысының қандай рекорд орнатқанын айтты. 

«Бұдан 50-60 жыл бұрын Қостанай жылқысы әлемдік рекорд орнатты. Ол 100 шақырымды 4 сағат 5 минутта бағындырды. Бұл әлемдік рекордты әлі ешкім жаңартқан жоқ. Бұған қарап Қостанай жылқысының потециалы әлі де құпия қалып отырғанын көреміз. Біз өзімізді көшпелілердің ұрпағымыз деп есептейміз. Бабаларымыз 100-200 шақырым алыс жерлерді атпен жүріп бағындырған. Олардың қолында өте мықты әрі спортқа бейім жылқылар болған. Бұрын «мынау арғымақ», ал «мынау қазанат» дейтін аттар қойған. Қазіргі үйірге қарасақ, ондай жылқыларды бірен-сараң. Жалпы Қостанай жылқысының көбі басқа да тұқымдармен араласып азайып кеткен», – дейді Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының төрағасы. 

Қостанай тұқымының толық қалыптасуына 60 жыл уақыт кеткен.

«Яғни ғалымдар Қостанай жылқысын үш ұрпақ бойы зерттеп, тұқым шығарған. Қостанай жылқысының фенотипі қазіргі англо-араб жылқысынан еш кем емес. Мәселен, Дубайдағы жарыста жеңіске жеткен Кабирханды салыстырып көруге болады. Екеуі өте ұқсас, спорттық бағытқа арналған. Бүгінгі таңда елімізде шабандоздардың сайысы жиі өтеді. Ең өкініштісі, ондағы жылқылардың көбі ағылшын тұқымдары. Сұраныс сол шетелдік тұқымға көп», – дейді Қасенов. 

Қостанай басын сақтау үшін қандай шара қабылданып жатыр? 

«Бізде 28 Қостанай жылқысының биесі бар, ал жалпы Қазақстанда 200-ге жуық тұқым таралған. Бізде Қостанай тұқымын ұстап отырған адамдар туралы ақпарат бар, енді олармен келісім жасап, тұқым басын арттыруды ойлаумыз керек. Қазіргі таңда «Байсерке агро» Қостанай жылқысының спорттық типін көбейтуді қолға алып жатыр. Негізі Кабирханның Қостанай жылқысына сақтауға үлес қоса алады. Өйткені басында айтқанымыздай, Қостанай жылқысында ағылшындық тұқымның қаны бар. Яғни қанында маңызды рөл ойнайды деп айтсақ болады. Бұл әрине, Кабирханның иесі өзі шешеді. Бізден тек ұсыныс. Егер келіске жағдайда селекциялық жұмыстарды бастауға болады», – дейді Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының төрағасы. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Обучающий лагерь для одаренных детей

Благотворительный фонд «Халык» для многих граждан нашей страны стал основой для развития, надежд и перемен. Фонд за годы своей...