Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Жаңа премьер Бектенов басқаратын Үкімет құрамы қалай өзгерді?

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте біраз ауыс-түйіс жасады. Өзгерістің басы премьер-министрден басталды. Әлихан Смайылов басқарған Үкімет қызметін тоқтатты. Алайда қызметін сақтап қалған шенеуніктер де бар. Massaget.kz тілшісі Бектенов басқарған Үкімет қалай жаңарғанына шолу жасады.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікірінше, Әлихан Смайылов бастаған Үкімет кеткеннен кейін министрлер құрамының тек 16 пайызы жаңарған.

Қазақстанның жаңа премьер-министрі – Олжас Бектенов. Ол бұған дейін Президент әкімшілігін басқарып келді.

Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі лауазымында қалды. Ол – 2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР Қорғаныс министрі.

Мұрат Нұртілеу де лауазымын сақтап қалды. Шенеунік 2023 жылғы 3 сәуірден бастап ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Ержан Сәденов ІІМ басшысы қызметінде қалды. Ол 2023 жылғы қыркүйектен бастап ішкі істер министрі қызметіне келді.

Азамат Есқараев әділет министрі лауазымына қайта тағайындалды. Бұған дейін де ол Әділет министрлігінде лауазымды қызметтер атқарған. Ал былтыр қаңтардан бастап әділет министрі қызметіне тағайындалған еді.

Мәди Такиев қаржы министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін Такиев Мәжілісте Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды.

Алмасадам Сәтқалиев энергетика министрі лауызымында қалды. Ол былтыр сәуірде тағайындалған еді.

Ақмарал Әлназарова денсаулық сақтау министрі болды. Бұған дейін Қызылорда облысында лауазымды қызметтер атқарған.

Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қалды. Ол былтыр 4 қыркүйекте осы қызметке келді.

Шыңғыс Әрінов төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. Бұрын мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы қызметін атқарған еді.

Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымында қалды. Ол 2020 жылдан бері осы қызметте.

Ғани Бейсембаев оқу-ағарту министрі болып қалды. Ол бұл қызметке былтыр қаңтарда келді.

Нұрлан Байбазаров премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қызметінде қалды. Ол бұл қызметке былтыр қыркүйекте келген еді.

Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрлігін басқара береді. Шенеунік бұл қызметке 2022 жылы тағайындалған еді.

Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды. Ол былтыр қыркүйектен бері осы министрлікті басқарып отыр.

Аида Балаева мәдениет және ақпарат министрі лауазымын атқара береді. Балаева былтыр қыркүйектен бері осы қызметте.

Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды. Ол да былтыр қыркүйектен бері спорт пен туризм саласын басқарып отыр.

Марат Қарабаев көлік министрі лауазымына қайта тағайындалды. 

Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін сақтап қалды. Ол да былтыр қыркүйекте келген еді.

Арман Шаққалиев сауда және интергация министрі қызметінде қалды. Ол былтыр қыркүйекте тағайындалған еді. 

Қанат Шарлапаев өнеркәсіп және құрылыс министрі болды. Ол да былтыр қыркүйектен бері министр лауазымында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...