Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
13.3 C
Shymkent

Тағы да коронавирус: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай қандай?

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда коронавирус сондай-ақ ЖРВИ мен тұмау жұқтырғандардың саны көбейгеніне байланысты елімізде бірқатар шектеулер қайта енгізіле бастады. Қазір еліміздегі эпидемиологиялық жағдай қандай?

Мәселен жыл басынан бері Жетіту өңірінде коронавирус жұқтырудың 2 жағдайы тіркелген.

Облыс аумағындағы жағдай тұрақты. Бірақ соған қарамастан, бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып, халықты азаматтар көп жиналатын жерлерде бетперделерді пайдалана отырып, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырамыз. Алдын алу қажет, себебі инфекция ауа тамшыларымен таралуы мүмкін, – деп хабарлады өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті.

Шығыс Қазақстан облысында ауа-тамшылы инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделі деп бағаланады.

Өңірдің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиевтің айтуынша, эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-дың 131,7 мың жағдайы тіркелген, оның ішінде 75 мыңнан астамы 14 жасқа дейінгі балалар.

Сондай-ақ ШҚО-да тұмаудың 101 жағдайы және коронавируст жұқтырудың 8 жағдайы ресми тіркелген.

Қызылшаның 133 расталған жағдайы, көкжөтелдің 1 жағдайы тіркелді. 2023 жылдың осындай кезеңінде ШҚО-да қызылша мен көкжөтел жағдайлары тіркелмеген еді, – делінген хабарламада.

Шығыста маска режимі тек денсаулық сақтау ұйымдарында ғана енгізілді. Басқа жерлерде тек маска кию ұсынылады.

Қызылорда облысының санитарлық дәрігері халық көп жиналатын жерлерде медициналық немесе мата маскаларын қолдануға кеңес беретін қаулыға қол қойды. Атап айтқанда, әуежайда, теміржол вокзалдары, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО, банктерге барғанда маскамен жүру керек. Сондай-ақ масканы әуе және теміржол, қоғамдық көліктің барлығында қолдану ұсынылады.

Павлодар облысында ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп атуға болады.

Облыста эпидемиялық маусым басталғаннан бері ЖРВИ-нің 361,8 мың жағдайы тіркелген. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі 217,9 мың бала ауырған. Өңірде тұмауды жұқтырудың 62 жағдайы тіркелсе, оның 26-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Павлодарда өткен жылман салыстырғанда биыл тұмауға шалдыққандар саны көп.

Сондай-ақ, облыста қаңтардан бастап коронавируспен ауыратын 34 науқас тіркелген. Ақпан айының басынан бастап-3 жағдай анықталған. Эпидемиологиялық маусымның басынан бері 1006 адам қызылшамен ауырған. Ал жыл басталған 308 адам қызылша жұқтырған. Сонымен қатар, өткен жылы көкжөтелдің 30 жағдайы, 2024 жылдың қаңтарында 24 расталған жағдай анықталған.

Ақтөбе облысында да маска режимі денсаулық сақтау нысандарында ғана енгізілген. Басқа жағдайларда маска кию ұсынылады, бірақ бұл міндетті шара емес.

Абай облысында бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес халық көп жиналатын жерлерде медициналық немесе шүберек маскаларын қолдану ұсынылады. Сондай-ақ маскаларды көліктің барлық түрлерінде қолдану ұсынылады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері – Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова «Ауа-тамшы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында 8 ақпаннан бастап маска режимі енгізіледі.

Қаулыға сәйкес Қазақстан облыстарының, Астана, Алматы және Шымкенттің денсаулық сақтау басқармаларының, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшыларына медициналық ұйымдардың персоналы мен келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ, маскаларды қоғамдық көліктің барлық түрлерінде қолдану ұсынылады.

Эпидемиологиялық бақылау комитеті 2024 жылғы қаңтарда өткен желтоқсанмен салыстырғанда елде коронавируспен сырқаттанушылықтың 2,5 есе өскенін хабарлады.

Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов коронавирус жұқтырып, емделіп жатқандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ Парламент толығымен маска режиміне көшті. 7 ақпаннан бастап кеңестер мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн-форматқа немесе маска режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып ауыстырылады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына қатаң ескерту жасады

ІІМ түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. "Құрметті ата-аналар мен түлектер! 25 мамырда...