Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

Түнімен ұйықтамай фильм көрсе, ағзада не болады?

Танымал

Ел аузында

Терапевт-дәрігер Юлия Валеева түнімен ұйықтамай қаншалық фильм қарағыңыз келсе де, ұйқы режимін сақтау маңызды екенін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «Mail.ru» сілтеме жасап.

Әрине, ауыр жұмыс күнінен кейін демалып, ойыңызды бөлу үшін фильм қарау таптырмас нұсқа. Алайда кейде өзіңізді тоқтата алмай, таңертең ұйқыдан ояну қиынға соғатынын түсінсек те фильмді қарап жата береміз. Сонымен түнімен фильм қарау денсаулыққа қалай әсер етеді:

Кеш ұйықтап, ерте ояну тітіркену, шаршау, тіпті метаболизмнің бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін.
Әр гормонның түзіліп, бөлінетін өз уақыты бар, егер сіз түнімен ұйықтамасаңыз, осындай маңызды процес бұзылуы мүмкін. 
Сонымен қатар, таңғы 6-дан 8-ге дейін кортизол деңгейі жоғарылайды. Ол бізді оянып, ұйқының ашылуына дайындайды. Сондықтан сергектік пен әл-ауқат үшін таңғы 8-ге дейін оянған жөн. Тиісінше, түнгі 23 немесе 24 сағатқа дейін ұйықтаған дұрыс.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар бір күн ұйықтамасаңыз, миға не болатынын анықтағаны хабарланған болатын.

Германия, Дания және Швейцария ғалымдарының халықаралық тобы 24 сағаттан артық ұйықтамаса, сау адамның миы 1-2 жасқа бірден қартаятынын анықтады. Сонымен қатар, мұндай ауыр зардаптарды болдырмау үшін бір түнде 3 сағат ұйықтау жеткілікті болады.

«Ұйықтамау адам миына бірнеше деңгейде әсер етеді. Ұйқының сапасының нашарлауы – қартаюдың жалпы белгісі. Керісінше, ұйқының бұзылуы қартаю процесін тездетуі мүмкін», – делінген зерттеу нәтижелері Neuroscience ғылыми журналында жарияланған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...