Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

330 миллион теңге ұрланған және 10 қылмыстық іс: Алматы мектептерін тексеру қорытындысы

Танымал

Ел аузында

Прокурорлар алматылық балалардың қауіпсіздігін тексерді. Тексеру барысында бес мыңнан аса заңбұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жүргізілген тексерулер балалардың қауіпсіздігі саласында қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіздігін көрсеткені айтылды.

«Оған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы жарты мыңнан астам заңбұзушылықтар, балаларды тасымалдау және білім беру мекемелерін қорғау ережелерінің, санитарлық және өртке қарсы нормалардың бұзылуы, сондай-ақ оқушылар арасында буллинг деректерінің анықталуы дәлел», – делінген хабарламада.

Тексерулер нәтижесінде 10 соталды тергеп-тексеру басталған, шамамен 60 миллион теңге өтелген, 67 қадағалау актісі енгізілді және 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан басқа, құқық бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында, оның ішінде оқушылар арасындағы буллингке қатысты, оқушылар немесе олардың ата-аналарына онлайн режимде қалалық прокуратураға тікелей жүгінуге мүмкіндік беретін «QR-код» әзірленген.

Мектеп психологтарының біліктілігін арттыру мақсатында қала прокуратурасы «NGS» Жаңа Буын Мектебі алаңында мемлекеттік мектептердегі барлық психологтардың, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспекторлардың және білім басқармасы өкілдерінің қатысуымен семинар ұйымдастырды.

«Сонымен қатар, прокурорлар 330 миллион теңгеден астам сомаға бюджет қаражаты ұрланғанын анықтады. Мысалы, Бостандық ауданының прокуратурасы мектептердің бірінде жалақыға арналған бюджет қаражатын, бас бухгалтердің ұрлағанын анықтады.

Аталған құқық бұзушылық мемлекетке 160 миллион теңге залал келтіре отырып, мектептің жұмыс істемейтін қызметкерлеріне және өзінің жақын туыстарына ақша қаражатын аудару жолымен жасалған».

Осыған ұқсас ұрлық деректерін Медеу, Алмалы, Түрксіб және Алатау аудандарының прокурорлары анықтаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...