Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма пайда болады

Танымал

Ел аузында

Алматы мәслихатының депутаттары қала әкімдігінде екі жаңа басқарма құру туралы шешім қабылдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы мәслихатының кезектен тыс 14-сессиясында екі жаңа басқарма құру ұсынылды: сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы және қоғамдық кеңістіктер басқармасы.

Алматы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шахановтың айтуынша, сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасының басты міндеті – сейсмикалық стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету, жер сілкінісі тәуекелдерін басқару, тұрғындарды ТЖ кезінде негізгі дағдыларға оқытуды қамтамасыз ету, ТЖ кезінде ПД және ТЖД жұмыстарын үйлестіру.

Қоғамдық кеңістіктер басқармасы қоғамдық кеңістіктерді дамытудың жалпы қағидаттары мен әдістерін қамтамасыз етуге, басқармалар мен қала әкімдігінің жұмысын үйлестіруге бағытталған. Сондай-ақ, бұл басқару қоғамдық кеңістіктерді дамыту тұжырымдамаларын дайындауға, қала үшін маңызды қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуға жауапты болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...