Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

30 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
38.3 C
Shymkent

Бүгін ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

«Қазгидромет» РМК синоптиктері бүгін, 4 наурызда еліміздің 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жасады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 наурызда Астанада бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15 метр.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында төмен қарлы боран күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Түркістан облысының батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жауын-шашын, қар, тұман. Шымкентте түннің бірінші жартысында жауын-шашын болады, ал түнде тұман. Сондай-ақ, Түркістанда да 4 наурызда түнде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде және Оралда түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақыттарында, ал Алматыда түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар жауады, боран, көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде Петропавлда қарлы боран болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр.

Павлодар облысында боран. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр. Павлодарда да боран. Таңертең және түстен кейін батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-18 метр.

Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ал Қызылордада кей уақыттарда тұман түседі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...