Сәресін таң атқаннан кейін ішіп қойса, үкімі қалай болады? Бұл сұрақтың жауабы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкім бойынша ораза ұстаған адам қателесіп ішіп-жеп қойса да, ол күн қарыз болып есептелінеді.
«Ораза таң атқаннан басталып, күн басқанға дейін жалғасады. Алла Тағала Қасиетті Құранда: «..Және таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) айрылғанға дейін ішіңдер, жеңдер..», – деген. Демек, таң атқаннан кейін ешнәрсе ішіп-жеуге болмайды. Қателесіп тамақ жеп, су ішіп қойған жағдайда оразасы бұзылады. Күн батқанға дейін ешнәрсе жемей, кейін сол сүннің қазасын өтейді», – делінген үкімде.
Айта кетейік, бұған дейін Ораза-2024. Биылғы пітір садақа мөлшері белгілені хабарланған болатын.