Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Қазақстандағы мигранттардың әлеуметтік интеграциясы, қосылуы және ынтымақтастығы (ұйымшылдығы) бойынша ұлттық семинар-тренинг өтті

Танымал

Ел аузында

ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) миссиясымен, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп Шымкент қаласында Қазақстандағы мигранттардың әлеуметтік интеграциясы, қосылуы және ынтымақтастығы (ұйымшылдығы) бойынша екі күндік ұлттық семинар-тренинг өткізді.

Семинар-тренингке қатысушылар алдында ХКҰ Орталық Азия бойынша миссиясының Субөңірлік үйлестірушісі Зейнал Гаджиев мырза, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Әбілхатин құттықтау сөз сөйледі.

ХКҰ-ның Орталық Азиядағы миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев мырза өз сөзінде мигранттардың, оның ішінде Ауғанстаннан келген мигранттардың қазақстандық қоғамға әлеуметтік интеграциялануының аса маңызды екенін атап өтті.

Комиссия төрағасының орынбасары Тастемір Әбішев өз сөзінде адам құқықтарын, соның ішінде Қазақстандағы мигранттардың құқықтарын оның халықаралық міндеттемелері тұрғысынан сақтау мәселелерінің өзектілігін, сондай-ақ құқық қорғау тетіктерін жетілдіруде және барлық азаматтардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын нығайтуда Мемлекет басшысының Жолдаулары мен бағдарламалық мақалаларын есепке алудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан әрі Комиссия төрағасының орынбасары жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының қызметінде еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғау мәселелерін өзектендіру, еңбекші-мигранттардың құқықтарын қорғауда азаматтық қоғам институттарының әлеуетін толық пайдалану, халықты, оның ішінде мигранттарды құқықтық ағартудың рөліне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ Комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев заңның үстемдігіне және қазақстандық қоғамда құқықтық мәдениетті орнатуға, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелері аясында әркімнің конституциялық құқықтарын сақтауға маңызды мән беретінін ерекше атап өтті.

Семинар-тренингте Қазақстан Республикасында адам құқықтарын қорғаудың ұлттық және халықаралық жүйесі зерделенді. Адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелердің сот және құқық қорғау органдарымен, басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктері қаралды.

Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты не уақытша тұратын мигранттардың азаматтық, еңбек, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері 2023-2027 жылдарға арналған ҚР жаңа Көші-қон саясаты тұрғысынан қаралды.

Тыңдаушылар азаматтар мен өзге де адамдардың ақпарат алуға, білім алуға, әлеуметтік қызмет көрсетуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға конституциялық құқықтарын іске асыру, сондай-ақ қоғамдағы ықтимал еңбек және әлеуметтік жанжалдардың алдын алу мен шешу тетіктерімен танысты.

Сонымен қатар, семинарда мигранттарды қазақстандық қоғамға интеграциялаудың өзекті мәселелері талқыланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...