Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
25.3 C
Shymkent

«Ифтар емес, ауызашар деп айтайық» – Бас мүфти

Танымал

Ел аузында

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында өзгеріске еніп кеткен сөздер туралы айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Сырттан келген сөздер бар ғой. Мысалы «Сәресін» жастар сухур деп кетті. Ауызашарды – ауызашар деп айтайық, оны кейбіреулер ифтар деп атап кеткен жағдайлар болды. Әрине, кейбір сөздер ағылшын тілінде, кейбірі орысша айтылып жатады. Ал біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды дәріптейік деген мақсатта осыны үндеулерде айтып жатырмыз», – дейді Бас мүфти.   

Айта кетейік, Қасиетті айлардың бірі әрі бірегейі – Рамазан айы. Биыл оның ұзақтығы – 30 күн. Мұсылман күнтізбесі ай күнтізбесіне негізделген, сондықтан жыл сайын Рамазан айының басталу және аяқталу күндері өзгереді. Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...