Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-2 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Бишімбаев ісі: Астанада алдын-ала сот тыңдауы басталғалы жатыр

Танымал

Ел аузында

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты алғашқы сот отырысы өтеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Процесс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Ғимаратта журналистер көп жиналған.

Сонымен қатар, қос тараптың өкілдері сот отырысына қатысу үшін келіп жатыр.

Олардың арасында марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді мен Қуандық Бишімбаевтың анасы бар.

Айта кетейік, экс-министрге әйелін аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада Қуандық Бишімбаев ұсталғаны хабарланды. Ол әйелі Салтанат Нүкенованы ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.

Ал 11 қарашада бұрынғы министр қамауға алынды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Болашақ полицейлердің жарысы: тәртіп пен ұйымшылдық сынға түсті

Түркістан облысы Полиция департаментінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында ауқымды спорттық сайыс ұйымдастырылды. Оған облыстың Түркістан, Сауран,...