Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

22 C
Nur-Sultan
17 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

Жер сілкінгенде ғимарат зақымданса, не істеу керек: әкімдік өкілдері түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Алматы әкімдігі жер сілкінісі салдарынан зақым келген ғимараттар анықталған жағдайда не істеу керектігін түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды. Қала әкімдігі мәліметінше, аудандық әкімдіктерде ТЖД, МКК мен басқа да орган өкілдерінің қатысуымен комиссия тобы жұмыс істейді.

«Ғимарат зақымданған жағдайда қала тұрғындары аудандық әкімдікке өтінішпен және фотоматериалдармен жүгінуі қажет. Әрі қарай комиссия зақымдану деңгейін алдын ала анықтау үшін ғимаратты тексереді», – делінген хабарламада. Мамандар тірек конструкцияларының бұзылуы бар ма, әлде бұл әрлеу материалдарының зақымдануы ма: аспалы төбе, сылақ, плитка, қасбеттің әрлеуі ме екенін анықтайды. Аудандық комиссиялардан алынған ақпарат қалалық Жоспарлау және урбанистика басқармасына, одан кейін ҚазҚСҒЗИ-ға талдау жүргізуге беріледі. Институт мамандары зақымданудың себебі мен дәрежесі туралы қорытынды береді. «Қалпына келтіру жұмысын қаржыландыру: әлеуметтік нысандарды жөндеу бюджет есебінен жүзеге асырылады. Ал көппәтерлі үйлердің әрлеу элементтерін жөндеу — кондоминиум есебінен. Ғимараттардың тұтастығына қауіп төнген жағдайда жөндеуге қаражат мемлекеттік органдардың бюджетінен бөлінеді», – деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы да бас тартты

17 мамыр - Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт...