Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Итше талаған»: Мұқағали Мақатаевтың інісі ақынның өлеңдері қалай ұрланғанын айтты

Танымал

Ел аузында

Ата жағынан Мұқағали Мақатаевпен туыстығы бар екенін айтқан Дәрубай Әбдісаев «Ашық подкастта» ақынды тірі кезінде кімдер көре алмағанын ашық айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, түрлі себеппен Мұқағалиға іштарлық танытқан замандастары болған.

«Мұқағалидің қаламдастары, әріптестері шексіз іштарлық көрсеткен. Мен көрген жоқпын. Ел-жұрт айтып жүр ғой. Мұқағалидің отты өлеңдері іштарлығын оятқан. Көре алмаған. Көп ішті ме, аз іште ме, есін жоғалтқан жоқ. Соны сылтау қылып, ішті деп, ана өлеңі дұрыс емес деп, қаламдастары итше талаған ғой. Соның бәрін Мұқағали жеңіп шықты», – деді ол.

Сондай-ақ, ол ақынның өлеңдері ұрланып кеткенін де әңгімеледі.

«Үлкен портфельге салып, кітап қылып бастырамын деп Жазушылар одағына апарады ғой. «Сонда аңдып жүріп қара портфельді ұрлап кетті» дейді. Құр қол қалған. Сонда қатты қайғырған», – деді Дәрубай Әбдісаев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМДІК QS РЕЙТИНГІНДЕ «БЕС ЖҰЛДЫЗ» ҮЗДІК БЕЛГІСІНЕ ИЕ БОЛДЫ

Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы педагогикалық бағыттағы көшбасшы Абай университеті QS Stars халықаралық рейтингтік жүйесі бойынша «Бес Жұлдыз» үздік белгісін иеленіп, өзінің...