Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

29.4 C
Nur-Sultan
26.5 C
Almaty
33.7 C
Shymkent

Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды

Танымал

Ел аузында

Алматыда 960 гектар жер Ұлттық банкке қайтарылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы сот актілері мен сот үкімдерін талдаудың негізінде Capital Bank Kazakhstan АҚ мен AsiaCreditBank АҚ таратылған банктердің жалғыз акционері болып табылатын борышкердің (Ш. жауап берушінің) активтері шығарылғанын анықтады.

«Жауап берушінің қарызы 15 миллиард теңгеден асады. Прокуратура ҚР Ұлттық банк мүддесіне, Ш. жауап берушінің жер учаскелерін сату-сатып алу шарттарын жарамсыз деп тану жөнінде талап арыз берді. Алматы облысы Іле аудандық сотының шешімі бойынша, Алматы прокуратурасының талап-арыздары толық көлемде қанағаттандырылды», – делінген хабарламада.

Сот алқасының қаулысы бойынша, сот актісі өз күшінде қалдырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...