Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
19 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Алматыдағы крематорий құрылысы: әкімдік мердігерді сотқа берді

Танымал

Ел аузында

Алматы әкімдігі әлі ашылмаған қалалық крематорийге инженерлік коммуникация жүргізуі тиіс мердігерді сотқа берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс басқармасы хабарлады.

Ведомство мәліметінше, крематорий құрылысының бас жоспары екі тәуелсіз жобаға бөлінген: ғимарат құрылысы және инженерлік желілердің құрылысы. Ғимараттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2021 жылғы желтоқсанда аяқталды.

«Крематорийдің толыққанды жұмыс істеуі үшін сыртқы желілер бойынша жоба түзетуге жіберілді. Түзету газ құбырының магистральдық желісінің өзгеруіне (тозуы) байланысты жүргізілді. Сыртқы желілер бойынша жұмыстар аяқталу сатысында 95 пайызға орындалды. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына және шарттық міндеттемелердің тиісті түрде орындалмауына байланысты 2023 жылғы 20 желтоқсанда «ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС мердігерлік ұйымына Алматы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (МАЭС) оны Мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану және Алматының жергілікті бюджетінің кірісіне тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап арыз берілді. Қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр, нәтижелері қосымша хабарланады», – деп хабарлады Алматы әкімдігі.

Қазақстандағы алғашқы крематорий Алматының Алатау ауданында.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Асқазаны жыртылған». Қызылордалық хирург операция кезіндегі кейстерін бөлісті

Қызылордалық дәрігер асқазаны жыртылған онкүндік сәбидің өмірін сақтап қалды. Облыстық балалар ауруханасының хирургия бөлімінің меңгерушісі Болат Махамбетияров Massaget.kz тілшісіне...